Хабар телеарнасы

Атырауда екі жұмысшы бесінші қабаттан құлады

Атырауда екі жұмысшы бесінші қабаттан құлады. Оқиға 20 қаңтар күні қаладағы тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған.

Полиция департаменті мамандарының мәліметінше, 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмған. Ал 33 жастағы жұмысшы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот медициналық сараптамалар тағайындалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.