Талдықорғанда 19 отбасы баспаналы болды
Әлеуметтік осал топқа жататын жандарға үй «Береке» ықшамауданындағы коттеджді қалашықтан берілді.
Тұрғын үй алабы 2018 жылы салына бастаған. Сол кезде жоспарланған 577 нысанның 373-і ғана пайдалануға берілген. Қалғандарының құрылысы аяқталмай қалған болатын. Оларға сараптама жасалып, былтыр 2,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде құрылыс қайта жанданып, баспаналар кезең-кезеңмен ел игілігіне беріліп жатыр. Арендалық үйдің құны 17-18 млн теңге. Тұрғындар ай сайын 7-8 мың теңгедей төлеп тұрады. Баспананы сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Фарида Омарова, қала тұрғыны:
- Ана жерде, мына жерде оңай емес квартирада тұрған. Оны әрбір ата-ана біледі деп ойлаймын. Кеше баспаналы боласыздар дегенде жыладым. Арасында қуандым. Таңға дейін кірпік қақпадым. Қалай болады екен, қай жерден алады екем, керемет сезім.
Ернат Бәзіл, қала әкімі:
- Біз осы жылдың аяғына дейін толық осы 107 үйді бітіріп, әлеуметтік осал топтардың алтын, күміс алқасының иегерлері аналарға таратамыз деп жоспарлап отырмыз. .