Хабар телеарнасы

Астанада қазақ тілін үйретудің бес деңгейлі оқу құралы жарық көрді

А1, А2... Астанада қазақ тілін үйретудің осындай бес деңгейлі оқу құралы жарық көрді. Мамандардың айтуынша, толық тізімді лексика-грамматикалық минимумдар отандық тәжірибеде алғаш рет дайындалыпты. Оны Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдары жасаған. Кітаптың мазмұнында оның түріне байланысты 600-ден 2,5 мыңға дейін сөз қамтылған. Ол арқылы мектеп, колледж бен университетте қазақ тілін үйрету көзделуде. Туристердің де қолдануына ыңғайлы. Электронды және аудио нұсқасы да бар.

Мақпал Жұмабай, «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

- Отыз жылдық тәжрибенің бәрін ескеріп, бір жыл тұтастай жұмыс істедік. Осы еңбектің негізінде А1, А2 деңгейіндегі оқу құралында қоса жарыққа шығарып отырмыз. Енді біз кешенді жұмыс істеп үйренген ғылыми орталықпыз. Осы еңбегіміз сала үшін үлкен жаңалық болып отыр десек те болады.