Хабар телеарнасы

НУ ғалымдары постколониялық теория атты жаңа пән енгізбек

Отарлық жылдары Қазақ хандығының тыныс тіршілігі қалай өзгергені жайлы еңбектер жоқтың қасы. Сондықтан Назарбаев Университетінің ғалымдары постколониялық теория атты бейінді пән енгізбек. Онда елімізге 300 жылға жуық отарлықтың қалай әсер еткені жан-жақты зерттеледі.

Кеңес одағы кезіндегі, одан кейінгі өркениет те назардан тыс қалмайды. Бұл өткен тарихымызға бойлау арқылы, қазіргі мәдениетіміздің қалай қалыптасқаны туралы тың зерттеулер жасауға мүмкіндік береді. Әрі әлемдік деңгейдегі ірі басылымдарға осы тақырыпта бірқатар еңбектің шығуына септігін тигізеді,-дейді мамандар.

Юлай Шамильоғлы, Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі:

- Үлкен пікірлер, теориялар Қазақстан үшін де пайдалы. Осы жердегі жағдайды және бүкіл елдегі сондай құбылыстарды түсіне алу үшін бұл теориялар бізге өте көп береді. Біздің мақсатымыз  тек қана өзіміз талқылау ғана емес, Қазақстаннан басқа ғалымдарды да шақыру.