Хабар телеарнасы

Алматыда Digital Almaty 2025 халықаралық форумы өтеді

Елімізде дәстүрлі Digital Almaty халықаралық форумы өтеді. Бұл жолғы іс-шара жасанды интеллект саласындағы бастамаларды іске асыру және өндірісті цифрландыруға бағытталады. Сондай-ақ AI технологияларды қаржы, білім беру, медицина және киберқауіпсіздікке интеграциялау кеңінен сөз болмақ.

Екі күнге созылатын шараға 40 мыңнан астам адам қатысады. Ал форумның басты оқиғасы – цифрлық трансформация саласындағы стартаптар жарысы болады. Форум аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдері Премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтеді. 

Мирас Зәкиев,  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:

- Енді форумның өзі аты айтып отырғандай, IndustryAI, яғни өнеркәсіптегі жасанды интеллекті қолдану. Сол өнеркәсіп саласындағы жасанды интеллектті қолдана отырып, сол саланы қалай дамытуға болатындығына байланысты бағытта негізінен басымдық беріледі.