Выберите изображение
Қатысушы

Кеңейтілген тұжырымдама

Атауы: «XXI ғасыр көшбасшысы»

Жанры: Білім беру-танымдық хабарлар

Форматы: Білім беру ойын-сауық бағдарламасы

Аудиториясы: 6+

Хронометражы: 50 минут

Шығарылым саны: 22

Тілі: қазақша

Қазақстанның дамып, әлемдік державалармен мәңгі иық тірестіре дамуы үшін өскелең ұрпақтың білімі терең, бағыт-бағдары айқын болуы қажет. Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы. Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымыздың мерейін үстем, беделін асқақ ете алады. Ұлы Абайдың «Адам баласы өзгеден ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген сөзі бүгінгі ұрпақ үшін өзекті болып отыр. Өйткені олар  әлемдік ғылыммен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болуға тиіс.

Сондықтан «Студия ТТЗ» ЖШС «Хабар» телеагенттігіне еліміздің түпкір-түпкіріндегі білімді түлектерді іріктеп, республикалық «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық тележобасында бақ сынастыруды ұсынады. Жобада жеңіске жеткен 3 дүлдүл өздері қалаған жоғарғы оқу орнының грантына ие болады.

Жүктеу

Ең үздік үш жеңімпазға еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға гранттар табысталады